Онлайн аударымдарға салық салынатын болады

Сенат Қазақстанда онлайн-форматта бизнес-аударымдарға салық салуды көздейтін заң жобасы қабылданғанын мәлімдеді.

Сенат Салық кодексіне енгізілген түзетулерді екі оқылымда қабылдады, атап айтқанда, кәсіпкерлердің мобильді төлемдерін фискализациялауды көздейді.

Сенатта атап өткендей, пандемия кезінде сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес субъектілері барлық жерде жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларға, кәсіпкерлік қызметке арналған мобильді аударымдарды пайдалана бастады.

Бұл мәселені заңнамалық реттеу мақсатында мыналар ұсынылды:

«мобильді төлемдер» ұғымын анықтау;

мобильді төлемдер арқылы тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде онлайн-бақылау-кассалық машиналарды қолдануды заңдастыру;

кәсiпкерлердi бизнестi жүргiзу үшiн, яғни мобильдi аударымдарды жеке және кәсiпкерлiк деп бөлуге арналған жеке шоттарды пайдалануға мiндеттеу;

банктерді мемлекеттік кіріс органдарына тиісті ақпаратты беруге міндеттеу.

Сондай-ақ автокөлік иелері үшін көлік құралының салығын есептеу жүйесіне өзгеріс енгізілді. Қолданыстағы салық заңнамасы шағын көлемді фургондарды қозғалтқыштың көлеміне байланысты салық салынатын жеңіл автомобильдердің санатына жатқызады.

Шағын және орта бизнестің шығындарын азайту үшін салық салу мақсатында шағын көлемді фургондарды 3,5 тоннадан аспайтын жүк көтерімділігіне қарай салық салу тәртібімен жүк автомобильдеріне жатқызу ұсынылады.

Добавить комментарий