БҚО-ға 5 мың тоннадан астам дизель отыны жіберілді

Қазақстан Энергетика министрлігінің вице-министрі Әсет Мағауов өңірлерге дизель отынын жеткізу қарқынды жүріп жатқанын айтты.

«Батыс Қазақстан облысын ерекше атап өткім келеді. Онда Орск зауытынан дизель отынын барынша белсенді жеткізу басталды. Статистика бойынша тек жеті күннің ішінде БҚО-ға 5650 тонна импорттық дизель отыны жеткізілгенін көріп отырмыз. БҚО-ға қыркүйек айында 5950 тонна, қазан айында 2525 тонна жанармай жеткізілді. Негізінен, көлемі жеткілікті және дизель отынын еркін өткізетін кейбір жанармай бекеттері бар екенін білемін», — деді Қазақстанның энергетика вице-министрі Әсет Мағауов.

Алайда, өңірге тағы қанша дизель отынын жеткізу жоспарланып отыр, сондай-ақ қысқы дизель отынның бағасы қанша болады деген сұрақтарға вице-министр жауап бермеді.

Добавить комментарий