Омбы — Павлодар тас жолында картоп тиелген «КамАЗ» жүк көлігі көше жарығы тірегіне соқтығысып, аударылып қалды. Жол апаты 21 қыркүйек Павлодардағы «Реченька» бағбаншылығына маңында орын алды.
Облыстық полиция департаменті жариялаған ақпаратқа сәйкес, «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, көше жарығы тірегімен соқтығысып, аударылып қалған. Жол апаты салдарынан тасжолға картоп шашыраған.
Жедел жәрдем қызметтері мен өрт сөндірушілер ЖКО орнына көмек көрсету үшін келді. «КамАЗ» жүргізушісі өз күшімен көліктен шықты, бақытымызға қарай, ешкім зардап шеккен жоқ.
Жол қызметінің қызметкерлері көлік қозғалысын қалпын келтіру үшін тасжолдан картоптарды «жинады». Жол қозғалысы уақытша шектелді, бірақ кейінірек қалпына келтірілді.