Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

ҚР Президентіне қылмыстық істер көрсеткіші төмендегені туралы баяндалды

28 апреля 01:49 / Опубликовано в Оқиғалар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегені туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады. Президентке еліміздегі криминогендік жағдай туралы мәлімет берілді. Ведомство басшысының айтуынша, қылмыстық істер көрсеткіші 7,6 пайызға төмендеген. Соның ішінде денсаулыққа ауыр зақым келтіру, қарақшылық, тонау, мал ұрлығы, бұзақылық, алаяқтық және зорлау деректері айтарлықтай азайған», — делінген бейсенбі күні таратылған хабарламада.

Министр қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстарды тергеп-тексеру, кінәлілерді анықтап, жауапқа тарту, ұрланған қаруларды заңсыз айналымнан алу жұмыстары жөнінде есеп берді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қауіпсіздік мәселелерін қоғаммен серіктестік орнату арқылы шешуге негізделген полицияның сервистік моделінің енгізілу барысымен танысты.

Ахметжанов Президентке Ішкі істер министрлігінің қызметін бюрократиядан арылту, цифрландыру және жұмыс үдерісін автоматтандыру, ішкі рәсімдерді оңтайландыру жөнінде баяндады.

Бұдан бөлек ол үдерістерді жедел басқару үшін Big Data талдау құралдарын пайдалана отырып, криминогендік жағдайды мониторингтеу үшін ІІМ-нің Ахуалдық сараптама орталығының құрылғаны жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жол жүру ережелерін қасақана бұзғандарды анықтауға бағытталған «Қорғау» деп аталатын жаңа бағдарлама таныстырылды. Министр Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында бағдарламаны қолдану арқылы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы айтты.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: Ақорда, Марат Ахметжанов, Қазақстан

Читать ещё

«Технодом» сұр сертификаты бар техниканы сатып келген
Алматы облысында автокөлікке қарақшылық шабуыл жасалды
Алматы: Таудан қара топырақты ұрлау фактісінің жолы кесілді

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Ресей Болгариядағы елшілігін жабу мәселесін қарастыруды жоспарлауда

    РФ билігі Болгариядағы мемлекеттің дипломатиялы...
  • Киев: Украиналық борш ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізілді

    Украиндықтардың басты ұлттық тағамдарының бірі ...
  • Қазақстанның елтаңбасы қоқысқа тасталды

    Павлодарда қоқыста Қазақстанның елтаңбасы табыл...
  • Талдықорған: Ер адам мешітте имамды соққыға жықты

    Талдықорғанда имамды ұрған деструктивті діни ағ...
  • Алматылық санитарлық дәрігерлер балмұздақты таза зұлымдық деп атады

    Қазақстандық санитарлық дәрігерлер балмұздақтың...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: