Одесса облысындағы мектептерде орыс стілінде оқытатын сыныптар жабылып, орыс тілі міндетті пән қатарынан алынып тасталды.
Бұл туралы украиндық басылымға берген сұхбатында Одесса облыстық әскери әкімшілігінің Білім және ғылым департаментінің директоры Александр Лончак мәлімдеді.
Одесса облысында мектептерде орыс тіліндне оқытудан бас тарту туралы шешім қабылданды
«Облыс бойынша орыс тілінде оқытатын сыныптар болмайды. Орыс тілі пән ретінде мүлдем оқытылмайды», — деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Дегенмен, Лончак оқушылардың ата-аналарының өтініші бойынша орыс тілі факультативтік пән ретінде оқытуды жоққа шығармады.
Алайда, аймақтық билік орыс тілін міндетті емес пән ретінде оқытуды қолдамай отыр, деп түйіндеді ол.
Бұған дейін Ресейдің Мемлекеттік Думасының спикері Вячеслав Володин Украинадағы «русофобияның жаңа толқыны» туралы мәлімдеп, украиндықтарға орыс тіліндегі оқулықтарды жоймауға кеңес берген.