Білім министрлігі келесі оқу жылында оқушылардың демалысын қысқартуды ұсынды. Бұйрықтың жобасы дайындалып, талқылауға шығарылды.
Орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және демалысын кезеңдерін айқындау туралы құжатқа сәйкес, оқу жылының ұзақтығы 1 сыныптар үшін — 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптар үшін — 34 оқу аптасы.
Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.
Келесі оқу жылы ішіндегі демалыс кезеңдері:
- 1-11 (12) – сыныптарда.
- күзгі демалыс — 7 күн, 25-31 қазан аралығында (өткен оқу жылы күзгі демалыс 5-14 қараша аралығында 10 күн болған).
- қысқы — 11 күн, 2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында (өткен оқу жылы қысқы демалыс дәл осы күндерде болды).
- көктемгі — 11 күн, 2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында (өткен оқу жылында көктемгі демалыс 20-31 наурызды аралығында, 12 күн болды).
1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).
Бұйрықтың жобасы 28 маусымға дейін талқыланады.