Жұмысшылар километражды есептейтін «Google Карта» қосымшасы бойынша бұрынғы жүйені қайтаруды талап етіп, жұмысқа шықпады.
«Бұрын Google-картасымен жұмыс істеген кезде табысымыз жақсы болатын. Ал қазір 2GIS-пен жұмыс істеп жатырмыз — ол үйлердің арасын есептейді, мен көлікпен жүремін, айталық, саябақты алсақ — ол саябақ арқылы жолды есептейді, дегенмен ол жерде жүруге құқымыз жоқ. Біз жаяу жүре алмаймыз, сәйкесінше табысымыз да аз», — деді Ербол Жәкенов.
Оның айтуынша, жалақы шығындары елеулі. Курьерлер компания басшылығына талаптарын қарастыруға 2-3 күн берді, олар сол уақытқа дейін жұмыс істемейді.
«Алматыдан басшылық өз адамдарын жіберді, біз талабымызды айттық. Олар — өздерің білесіңдер, қаласаңдар істеңдер, қаламасаңдар істемеңдер деді. Жұмысшыларды кез келген уақытта табылады», — деп атап өтті Ербол Жәкенов.
Glovo компаниясы 2GIS жүйесіне курьерлердің өтініші бойынша ауысқанын мәлімдеді
Glovo компаниясы 2021 жылдың қазан айында «курьерлердің қалауы бойынша» 2GIS картасын пайдалануға көшкенін хабарлады. Қазір Нұр-Сұлтанда карта сынақтан өткізіліп жатыр, кейін басқа қалалардағы курьерлер де осылай жұмыс істейтін болады.
«Курьерлер Google Maps картасының ыңғайсыздығына жиі шағымданған. Біз үшін бағдарламаны пайдаланушылардың ғана емес, курьерлердің де қолдануына барынша ыңғайлы қылып қамтамасыз ету маңызды. Компанияның жаңа карталарын имплементациялау үшін мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, содан кейін бас кеңседегі техникалық қызмет 2GIS енгізді», — деп түсіндірді Қазақстандағы Glovo бас менеджері Кәрім Богуспаев.
Компания бүкіл әлем бойынша Glovo компаниялары Google Maps картасымен жұмыс істейтінін атап өтті. Сондай-ақ, курьер 2GIS, Yandex.Maps және Google Maps сияқты карталарды таңдау параметрі бар, бірақ ол үшін бағдарламадан шығу қажет, бұл курьерлердің айтуынша, ыңғайсыздық тудырған. Қазір Қазақстандағы курьерлер қосымшада шықпай, 2GIS картасын пайдалана алады, деп хабарлады компания өкілі.
Естеріңізге сала кетейік! 7 шілдеде Glovo тамақ жеткізу қызметінің 80-нен астам курьері Алматыдағы кеңсе алдында ереуілге шыққан болатын. Қойылған талаптардың бірі «Google Карта» қосымшасын қолданудан бас тарту болды.
«Аталған картал Алматы қаласында, Қазақстанда қолдану ыңғайсыз. Мұнда жол қозғалысы ережелері жиі өзгереді, ал Google бұны ескермейді», — деді ереуілшілер.
Glovo бизнес-моделі барлық қатысушылармен серіктестік режимінде қарым-қатынас орнатуды көздейді. Glovo курьерлері, серіктестері платформаға қосылғанда сағат, күн және локациялар бойынша өзара іс-қимыл режимін дербес таңдайды, яғни өздерінің жұмыспен қамту уақыты мен күндерін өздері реттейді. Орташа сегіз сағат жұмыс істейтін курьердің айлық табысы шамамен 277 200-290 400 теңгені құрайды.