ТШО-да жалған ПТР-тест анықтамасын жасау фактілері тексеріледі

Теңіз кен орнындағы мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері COVID-19-дың теріс нәтижесі бар жалған ПТР-тест анықтамасы үшін айыпталды

«Мердігерлік ұйымдардың кейбір қызметкерлері санитарлық бекеттерден жалған ПТР-анықтамалары арқылы өткен фактілері анықталуда. Мұндай қызметкерлерге берілген рұқсаттар дереу жойылды. Осы өрескел фактілер туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Ресми тергеу жүргізіледі деп күтілуде. ТШО осындай жағдайларға дереу назарға алатын болады», — деп хабарлады компанияның үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.

Теңіз кен орнында қатаң карантиндік шаралар сақталады. Өткен тәулікте Теңізде коронавирусты жұқтырудың 21 жағдайы анықталды.

Бұған дейін Теңіз кен орнында оқшаулау бөлмелерінде 800 орын және уақытша жұқпалы аурулар ауруханасында 380 карантиндік төсек-орын дайындалған. Өткен аптада ол жерге қосымша дәрігерлер жіберілді.

Добавить комментарий