Әнші Төреғали Төреәлі қоғамдық жұмысқа тартылды

Есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені үшін жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған қазақстандық әртіс Төреғалиға қатысты жаңа айып тағылды. Алматыдағы сот оны билік өкілін қорлағаны үшін кінәлі деп танып, 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады.

Алматы сотының баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сәйкес, Төреғали Төреәлі 14 маусымда ұсталып, есірткіге мас күйде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке қамауға алынған. Оған қоса, жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Бүгін әншіге қатысты билік өкілін қорлады деген айып тағылды. Сот Төреғали Төреәліні қырық сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады.

Айта кету керек, сотталушы өз кінәсін мойындамады, сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий