Норвегиялық ғалымдар дәрумендердің қауіпі туралы айтты

Норвегиялық ғалымдар жүргізген зерттеудің нәтижесінде дәрумендерді қабылдау мен қатерлі ісік ауруларының пайда болуы арасындағы өзара байланысы анықталғанын айтты.

Хаукеланд университет клиникасының дәрігері Марта Эббинг екі кең таралған витаминді шамадан тыс қабылдаса қатерлі ісіктің даму қаупін арттыруы мүмкін екенін анықтады.

«Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қатерлі ісіктің даму қаупін арттыратын екі дәрумен бар — B12 дәрумені мен фолий қышқылы», — деп хабарлайды Express басылымы Америкалық медициналық қауымдастыққа сілтеме жасап.

Мамандар фолий қышқылы мен B12 витаминін қабылдаған жүрегі ауыратын пациенттерде қатерлі ісіктің дамуы мен қайтыс болу қаупі, осы дәрумендерді қабылдамаған науқастармен салыстырғанда артқанын атап өтті.

Фолий қышқылы мен B12 дәруменін қабылдау қатерлі ісікті 21%-ға, қатерлі ісіктен қайтыс болу қаупін 38%-ға және басқа да себептермен қайтыс болу қаупін 18%-ға артуымен байланысты, — дейді зерттеушілер.

Сондай-ақ, ғалымдар осы дәрумендерді қабылдау өкпе қатерді ісігінің даму қаупін арттырады деген қорытындыға келді.

Добавить комментарий