Қалай экстремистік ағымның тұзағына түсіп қалмау керек: сарапшы

Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының Діни бірлестіктермен байланыс және терроризмге қарсы насихатты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Әсет Нұров деструктивті діни ағымның тұзағына қалай түсіп қалмау керек екенін айтты.

Әлеуметтік желілердің жұмысы кез келген адам қолданушылардың жеке деректерімен – ұлты, жынысы, діні, тұрғылықты жері және оның қалауымен таныса алатындай етіп ұйымдастырылған.

Сондықтан, әлеуметтік желілердегі кез келген парақшаларды пайдаланған кезде сіз өзіңіз туралы толық ақпаратты жариялаудан аулақ болуыңыз керек, атап айтқанда:

— қазіргі жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсетудің қажеті жоқ.

— таныс емес адамдардан достықты қабылдамау, тек туыстар мен достарды қабылдаңыз. Күмәнді тұлғаларға деректерімізге (хат алмасу, жеке деректер және жазылымдар) қол жеткізуге рұқсат бере отырып, біз оларға біздің қалауымыз туралы ақпарат көзін ашамыз.

— күмәнді парақшалар мен арналарға жазылу. ислам туралы білім іздеп жүрген адамдар көбінесе салафиттік қауымдастықтарға жиі жазылады. Бұл қазіргі тәжірибемен расталады.

— діни білім алуға көмектескісі келетін немесе мұқтаждарды қаржыландыруға көмек сұрайтын бейтаныс адамдармен онлайн танысу немесе онлайн хат алмасу. Жалдаушылар көбінесе діншілдердің ауыр жағдайы туралы айтып, сол ұйымға қаржылай көмек көрсетуді сұрайды, жиі, шын мәнінде  бұл террористік ұйымдардың ұяшығы болып табылады.

«Сақтанғанды құдай да сақтайды» деген мәтел  бұл жағдайда өте өзекті.

Естеріңізге сала кетейік, интернетте деструктивті діни ағымдардың әрекетіне тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына немесе Дін істері басқармасына хабарласу қажет.

Добавить комментарий