Нью-Йорк прокуроры АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптан заңсыз тапқан 250 млн долларды өтеуді талап етті.
Нью-Йорктің бас прокуроры Летиция Джеймс Трампқа, оның үш баласына және бизнес-империяға қарсы талап-арыз түсірді, деп хабарлайды Politico.
Бас прокурордың азаматтық талап-арызында экс-президент пен оның компаниялары және онымен байланысты басқа да адамдар алаяқтық фактілеріне және Трамптың қаржылық жағдайы туралы жылдық есептерді дайындау кезінде жалған мәліметтер беруге қатысы бар делінген.
Әңгіме он жылдан бергі алаяқтық туралы болып отыр.
«Трамп мырза мен Трамптың ұйымы қолданған алаяқтық схемасы таң қаларлық», — деп мәлімдеді бас прокурор Летиция Джеймс.
Прокурор аталған соманы өтеуді ғана емес, сонымен қатар Дональд Трамп пен оның балаларына жылжымайтын мүлікпен жасалатын кез келген мәмілелерге қатысуға бес жылға тыйым салуды да талап етіп отыр.
Сонымен қатар, прокуратура бұрынғы президентке және оның бизнес-кәсіпорындарына қатысы бар отбасы мүшелеріне штатта лицензияланған кез келген Нью-Йорк корпорациясының немесе бизнестің директорлары немесе лауазымды тұлғалары лауазымдарын атқаруға тыйым салуға қол жеткізбек.