Украинаның Николаев қаласында Ресеймен ынтымақтастық орнатты деген күдікпен 400-ге жуық адам ұсталды.
Қалада 5-8 тамыз аралығында коменданттық сағат енгізілген.
Николаевта коменданттық сағат кезінде 400-ге жуық адам ұсталды. Бұл туралы УҚК генерал-майоры Дмитрий Марченко «Киев» телеарнасының эфирінде айтты.
Оның айтуынша, күдіктілер ресейлік әскерилерге құнды ақпарат берген.
«Мен бұл туралы әзірге айта алмаймын, бірақ коменданттық сағат өте сәтті өтті, қаланы тексеріп шықтық, жау күштерімен әріптестік орнатқандардан басқа көптеген құқық бұзушылықтар анықталды. Демалыс күндері оңай өтпеді», — деді Марченко.
Еске салайық, Николаев облысының билігі облыс орталығында 5 тамыз бен 8 тамызға аралығына күшейтілген комендаттық сағат енгізгенін хабарлаған.