Нигериялық БАҚ «Боко харам» исламшыл террористік ұйымның жетекшісі Әбубакар Шекаудың қайтыс болғанын хабарлады.
Daily Nigerian газетінің хабарлауынша, Абубақар Шекау 19 мамырда басқа содырлармен атыс кезінде қаза тапты.
Нигерияның арнайы қызмет өкілдері соңғы 72 сағатта қол жеткізген исламшылдардың әңгімелесулерінде «Боко харам» жетекшісі Абубакар Шекау елдің солтүстік-шығысында өздерінің қарсыласы «Ислам мемлекетінің» құрылымы болып табылатын (ИМ, ҚР-да тыйым салынған) «Батыс Африкадағы Ислам мемлекеті» (ISWAP) тобының содырларымен атыс кезінде өлтірілгені айтылған.
Өткен бейсенбі күні бірнеше БАҚ, соның ішінде AFP, Шекау ауыр жараланғанын хабарлаған болатын. Бірақ қазір нигериялық арнайы қызметтер ол қаза тапты деген қорытынды жасады. Осыған дейін Нигерия билігі төрт рет Шекаудың қаза тапты деп жариялаған, бірақ ол тірі қалған.
Барлау қызметінің мәліметінше, Шекау шағын жасақпен Самбис орманында қоршауда қалып қойған. «Боко харам» жетекшісі тұтқынға берілуден бас тартты.
Абубакар Шекау «Боко харамның» негізін қалаушылардың бірі болды және топтың жоғары басшылығына кірген. 2015 жылы «Батыс Африкада Ислам мемлекетін» құрған содырлар тобы одан шыққаннан кейін Шекау JAS тобын («Жамаат Ахлуссунна Оф-Дава валь-Джихад») жария етті. Олар «Боко харам» деген тарихи атаумен әрекет етеді. 2013 жылы АҚШ Шекауды ұстағаны үшін $7 млн сыйақы тағайындаған.