АҚШ-та «Лукойлдың» ұшағы ұсталды

АҚШ «ЛУКойл» мұнай компаниясына тиесілі Boeing ұшағын ұстау үшін ордер алғанын мәлімдеді.

АҚШ Әділет министрлігі Техас штатының Оңтүстік округінің соты санкциялық талаптарды бұзып, Ресейге және кері бағытта ұшқан ұшақты ұстау үшін ордер бергенін хабарлады.

Boeing соңғы мәрте АҚШ-қа 2019 жылдың наурыз айында ұшқан.

Boeing ұшағы Ресейде орналасқан және құны шамамен 45 миллион доллар.

Ведомствоның мәлімдеуінше, «Лукойл» компаниясы 2014 жылдың қыркүйегінен бері АҚШ-тың санкциясына іліккен.

Добавить комментарий