Нидерланд ресейлік газды сатып алуды тоқтатпақ

Нидерланд ресейлік сұйытылған табиғи газ (СТГ) импортын тоқтатпақ, деп мәлімдеді энергетика министрі Роберт Йеттен.

Нидерланд үкіметі Ресейден барлық СТГ импортын тоқтату үшін жұмыс істеп жатыр және биыл РФ-дан СТГ жеткізу бойынша жаңа келісімшарттар жасасуды тоқтатты.

Сондай-ақ, Нидерланд бұрын қол қойылған келісімшарттарды бұзу және компаниялармен келіссөздерді кезең-кезеңімен тоқтату бойынша жұмыс істеуп жатыр. Министр бұл олардың жүйесінде ресейлік қазба отынының болмауына көз жеткізу үшін қажет екенін атап өтті. Аталған шешім споттық және ұзақ мерзімді келісімшарттарға да қатысты болады.

Қазіргі уақытта Нидерланд ресейлік СТГ-ны 2023 жылға дейін жасалған ескі келісімшарттар бойынша импорттап жатыр, жеткізілімдер импорттың жалпы көлемінің шамамен 15%-ын құрайды.

Бұған дейін Испания компанияларды Ресейден жаңа сатып алу туралы келісім жасаспауды сұраған. Сондай-ақ, Bloomberg Еуроодаққа мүше мемлекеттер жаңа санкциялар салмай, ресейлік СТГ-ны жеткізуге тыйым салуға мүмкіндік беретін механизм құру мүмкіндігі туралы хабарлады.

Добавить комментарий