Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс ушығып барады

Тәжікстан шекарашылары Қырғызстанмен шекарада 28 сәуір күні сағат 16:00-де шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары арасында қақтығыс болғанын хабарлады. Оған Ходжаи Аъло Чоркух ауылының маңындағы «Исфара» өзенінің жоғарғы жағында орналасқан «Головной» су таратушы пункті үшін талас себеп болды.

«Аталған оқиғаның салдарынан Тәжікстан Республикасының 7 азаматы зардап шекті, екі жақ бір-біріне тас лақтырып, әр түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды», — деп хабарлады Тәжікстан шекара қызметі.

Тәжікстан Қырғызстанды су таратушы пунктін басып алды деп айыптады. Тәжік азаматтары қырғызстандықтар мен олардың үйлеріне тас жаудырып, артынан аңшы мылтығымен атқылай бастады. Қырғызстандықтардың бірі көзіне оқ жарақатын алды, ауруханада ауыр халде жатыр, дәрігерлерге жүгінген тағы үш адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр

«1924-1927 және 1989 жылдардағы карталарға сәйкес бұл гидроқұрылыс толығымен Тәжікстан Республикасының аумағында орналасқан, ол 1968 жылы салынған және Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекаралас қалалары мен аудандарының егіншілік шаруашылықтарын суландыру және ирригациялық жұмыстарды жүзеге асыруға арналған», — деп хабарлады әскеи ведомствода.

Тәжікстан шекара қызметі Қырғыз Республикасы сол маңайды біржақты тәртіпте басып алғанын және шекаралас аудандардың бейбіт тұрғындарына қарсы азаматтық киім киген арнайы мақсаттағы жауынгерлерді жіберіп отырғанын мәлімдеді.

«Шамамен сағат 12:25-те Ходжаи Ало (Тәжікстан) ауылында аңшы мылтығымен оқ атылды. Екі елдің шекара өкілдері жергілікті билік органдары мен тараптардың күш құрылымдары қызметкерлерінің қатысуымен кездесті. Қырғыз тарапы бейнебақылау камераларын алып тастауды талап етті. Келіссөздер барысында ортақ пікірге келе алмады. Кейін су тарату пункті аумағына келген ҚР шекара маңындағы ауылдың тұрғындары оған орнатылған бейнекамера орнатылған бағананы кесе бастады», — деп хабарлады Қырғызстанның шекара қызметі.

Қақтығыс болған жерге екі жақтан да шамамен 100-150 адам жиналды. Азаматтар арасындағы қақтығыс бір-біріне тас лақтыруға ұласты. Артынан Тәжікстан азаматтары атыс қаруын қолданды. Қырғызстанда ауруханаларда төсек-орындар дайындалды. Атыс кешеден бері жалғасып келеді.

«Келіссөздер жалғасып жатыр. Қос елдің шекарашылары атыстан оқшаулау үшін қақтығыс болған жерден адамдарды эвакуациялауда, шекара маңындағы аудандардың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлады Қырғызстанның шекара қызметі.

Қырғызстан тарапы қақтығысқа әдейі итермелеп отырғанын мәлімдеді.

Добавить комментарий