Өнеркәсіп өнімдердің бағасы 5%-ға өсті

2021 жылғы сәуірде отандық өндірушілердің өнеркәсіп өнімдеріне бағаның өскені тіркелді. Бір айда көрсеткіштер 4,9%-ға жоғарылады.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, өткен айда өндіруші кәсіпорындар бағасы тау-кен өндіру саласында бағаның мұнайға — 6,5%, табиғи газға — 1,1%, металл кендеріне 0,4% жоғарылауы байқалды.

Өңдеу саласында баға алюминийге — 8,7%, мысқа — 7,5%, ферроқорытпаларға — 6,1%, мырышқа 5,9% жоғарылады, қорғасынға — 3,9%, асыл металдарға 1,3% төмендеді. Мұнай өнімдерінен мазут — 9,9%, сұйытылған пропан және бутанға — 3%, бензинге 2,8% қымбаттады.

Азық-түлік өнімдерінен кәсіпорындарда баға өсімдік майына — 8,6%, құс етіне — 3,5%, мал етіне — 3,1%, жармаларға — 2,6%, қантқа — 2,4%, макарон өнімдеріне — 1,2%, бидай ұнына — 0,8%, күрішке — 0,5%, сүт өнімдеріне 0,3% жоғарылады, қара бидай ұнына — 7,1%, шайға 0,2% төмендеді.

Электр энергиясымен және сумен жабдықтауда электр энергиясы, оны тарату бойынша қызметтерді қоса алғанда 7,1% жоғарылады, суды бөлу бойынша қызметтер 0,9% төмендеді.

Добавить комментарий