Қазақстанда жекелеген ағаш түрлерін елден шығаруға тыйым салды

Қазақстан үкіметі ағаштың жекелеген түрлерін 6 ай мерзімге елден шығаруға тыйым салды. Мораторий тоқтатылғанға дейін автоматты түрде ұзартылады.

Шектеу шаралары ағаш материалдарының кейбiр түрлерiне де қатысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ресейлік ағаштың рұқсатсыз қайта экспортталуын болдырмау, отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету үшін ағаштың жекелеген түрлерін қай елде шығарылғанына қарамастан, 6 ай мерзімге дейін ел аумағынан әкетуге тыйым салынды», — делінген хабарламада.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов ВАК отырысында әкетуге мораторийді алып тастау туралы шешім қабылданғанға дейін әр алты ай сайын шектеулерді автоматты түрде ұзарту туралы ұсынысты мақұлдады.

Фото: Қазақстан үкіметі елден ағаш шығаруға мораторий енгізеді

Отырыста сондай-ақ күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын әкетуге квотаны ұлғайтудың қажеттілігі мен табиғи уран мен оның қосылыстарына экспорттық кедендік баж салығын енгізу мәселелері талқыланды. Әлихан Смайылов, сондай-ақ, тұқым өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын экспорттауға квотаның оңтайлы көлемін анықтау және өнім бағасының өсуіне жол бермеу қажеттігін баса айтты.

Добавить комментарий