Олжас Сүлейменов — Қазақстанның әйгілі ақыны. 90-шы жылдары ол күтпеген жерден 1990 жылдардың басында билікке қарсы оппозиционер болды. Ол бұған биліктің қазба байлық құқығын халыққа бекітуден бас тартуы салдарынан болғанын хабарлады.
«Әуелі баста Назарбаевты қолдайтынмын, содан кейін оның кей әрекеті қалауымызға сәйкес келмейтінін көргенде біз оппозицияға өттік. Қазақстанның халық конгресі» партиясы Конституцияға ең алдымен «Жер мен ондағы қазба байлық Қазақстан халқына тиесілі» деген бап енгізуді ұсынды», — деді Сүлейменов жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында.
Өз кезегінде, оның айтуынша, «Жоғарғы кеңес өздеріне жоғарыдан түскен тапсырма бойынша: жер мен ондағы қазба байлық мемлекетке тиесілі деген ұсынысты қолдап, дауыс берген.».
«Сол кезде мен сөз сөйлеп, мемлекет — біз бес жылға сайлайтын бірнеше адам ғана тұрады деп айттым. Халқымыз мыңдаған жыл бойы жинап, қорғап келген байлықтың бәрін солардың қолына беріп қоясыңдар ма? Олар бес жылда бәрін сатады ғой! Бірақ депутаттар 1989 жылы осы бапты бекітіп, Конституцияға енгізді. Содан кейін менің айтқаным айдай келді», — деді ақын.
Сондай-ақ ол 1995 жылы «Қазақстан Халық конгресінің» жұмысы тоқтап, Италияда елші етіп тағайындауы саяси жер аударуға ұқсайды деп мойындады.
«Бұл бәріне түсінікті болды. Ол кезде оппозицияда едім. Мен мүше болған Жоғарғы кеңесті таратып жіберді, біз аштық жариялап, қарсы шықтық. Кейін партия республикаға зияны тиетін қарсылық кезеңіне кіріп кететінін түсіндім. Халық жік-жікке бөлінеді, ал біздің жақтастарымыз көп, бұл қарсылық пен күреске, үлкен күреске әкеліп соғуы мүмкін еді. Сондықтан бас тартып, елші қызметіне кірістім. Бұл шынымен жер аудару болды, бірақ Құдайға шүкір, Магаданға емес, Италияға жіберді», — деп атап өтті Сүлейменов.