Неліктен РФ Украинада «Армата» танкін қолданбады: британдық барлау қызметінің пікірі

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі неліктен Ресей Украинадағы әскери іс-қимылдарда жаңа «Армата» Т-14 танкісін қолданбай отырғанын айтты. Британдық әскери барлау қызметінің 5 наурызда жарияланған баяндамасына сәйкес, негізгі факторлар беделге нұқсан келу қаупі мен өндірістік шектеулер болып отыр.

Хабарламада айтылғандай, ресейлік ресми тұлғалардың «Армата» танкін армияға пайдалануға берілгені туралы мәлімдемелеріне қарамастан, осы модельді жаппай өндіру және қолдану Украинадағы ұрыс алаңында өте көп шығынға байланысты шектелді. «Ростехтің» басшысы Сергей Чемезов «Армата» танкісін кеңінен өрістетуге оның жоғары бағасы кедергі келтіретінін атап өтті.

«Армата» танкісі 2015 жылы Жеңіс күні әскери парадына кезінде дүйім жұртқа көрсетілді, алайда сол кезде танк істен шығып қалған. Ұлыбритания сарапшыларының пікірінше, 2021 жылы Ресей Федерациясының 1-ші гвардиялық танк армиясына танктерді берілуі керек болған, алайда оның жеткізілгені екіталай.

«Армата» танкісі Украинадағы ұрыс қимылдарына жіберіледі деген ақпаратқа қарамастан, соңғы барлау мәліметтері бойынша, Ресей соғыс алаңында мұндай танктерінен айырылып қалу қаупіне байланысты, алдыңғы шепте әскери беделіне нұқсан келтірмеу үшін аталған танктерді жібермеу шешім қабылдаған. Британдық қорғаныс ведомствосы Ресей өз әскери-өнеркәсіптік кешенінің имиджіне қауіп төндірмей қазіргі жедел қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басқа танктерін қолдануды жөн көрді деген қорытындыға келді.

 

Добавить комментарий