Неліктен Ресейге коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеу мен қолдануда бірінші болу маңызды

2020 жылғы наурыз айында COVID-19 өршігенде бүкіл әлем локдаун режимін енгізді. Бұл вирус қорқыныш туғызып, әлі де қауіп төндіріп келеді. Бірақ коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу бойынша елдер арасындағы жаһандық жарыс коронавирустың наурыз айындағы өршуінен басталды деп есептеуге болады.

Көптеген мемлекеттердің үкіметтері коронавирусқа қарсы күресуге көмектесетін вакцина әзірлеу үшін қомақты қаржы жұмсады. Ресей бірден іске кірісті. 2020 жылы жаздың соңғы айында Ресей президенті Владимир Путин ресейлік ғалымдар әлемде алғаш болып COVID-19-ға қарсы тиімді вакцина жасағанын мәлімдеді. Алайда, сол кезде ресейлік «Спутник V» вакцинасы барлық зертханалық зерттеулерден өтпеген және оның тиімділігі расталмаған болатын. Батыс саясаттанушыларының пікірінше, Ресей өз вакцинасын әзірлеумен қатар, пропаганда пен жалған ақпаратты таратып, Батыс жасаған вакциналарға деген сенімге нұқсан келтіруге тырысты. Вакцина әзірлеп жатқан барлық компаниялардың ішінде ең көп Moderna мен Pfizer БАҚ беттеріне жағымсыз жаңалықтармен шықты.

Неліктен РФ үкіметі үшін вакцинаны әзірлеп, жеткізетін алғашқылардың бірі болу соншалықты маңызды? Әлемдегі әрбір азаматты вирустан қорғау үшін ба? Бәлкім, Ресей үшін вакцинаны әзірлеу мен жеткізуде көшбасшы болу маңызды шығар. Бұл ішкі және халықаралық қысымды басу және үкіметтің құзыреттілігі мен жомарттығын көрсету үшін тиімді құралға ие болуды білдіреді. Сондай-ақ, вакцина өндіруші елдер үшін қосымша экономикалық және дипломатиялық мүмкіндіктер ашылады. Мысалы, белгілі бір мемлекеттерге вакцинаны жеткізу — сол ел үкіметінің ықыласы мен қолдауына ие болудың тәсілі. Әсіресе, мұндай әдіс дамушы мемлекеттер үшін тиімді.

Добавить комментарий