Неліктен Ресей Донбасста негізгі күшін қалдырып кетті: саясаттанушылардың пікірі

Бейсенбі, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Украина аумағында «арнайы операция» басталғанын жариялағаннан кейін Ресей-Украина арасында кең ауқымды соғыс басталды. Украиналықтар Ресей әскеріне қарсы қуатты әрі батыл төтеп берді. Айта кету керек, батыс мемлекеттері де Украина Ресей армиясына төтеп бере алмайды деп ойлаған.

Батыс мемлекеттерінің шенеуніктері Ресей Украинаға «баса-көктеп кірген» жағдайда Украина үш тәуліктен артық шыдамайтынын айтқан. Бұл туралы конгрессмендерге АҚШ қарулы күштері штабы бастықтарының біріккен комитетінің төрағасы генерал Марк Милли мәлімдеген. Соғыс басталғаннан кейін де көптеген батыс сарапшылары Ресей Киевті 72 сағаттың ішінде басып алады деп күткен.

«Бірақ көріп отырғанымыздай, жағдай басқаша өрбіді және соғыстың үшінші айы басталды. Осылайша Путин өз-өзіне ор қазды. Киевті басып алу жоспары күл-талқан болды, демек, жеңіс туралы сөз қозғамаса да болады, бірақ қарапайым ресейліктердің миын пропаганда шайып кеткені соншама, олар жағдай әуел баста айтылғандай болады деп күткен. Ресей президенті 9 мамырға дейін жеңіске жету керек және Ресей армиясы сарбаздарын құрбан етіп, кез келген жолмен жеңіске қол жеткізу керек. Ресей Украинадағы әскери стратегиясын өзгертіп, Донецк және Луганск облыстарын басып алуды шешті. Қазір Путин Донбассты басып алып, Қырымға құрлық дәлізін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Украина армиясы өзгерді, оған барлық әлем елдері көмектесіп, әскерилерді жатықтырып, соғыс алаңында күш көрсете алатын жаңа әскери техниканы жеткізуде. Сонымен қатар, Украина жағында түрлі елдердің жеке әскери компанияларының жалдамалы қызметкерлері соғысуда», — деп жазады батыс саясаттанушылары.

Добавить комментарий