Нұр-Сұлтанда медицина қызметкерлері Тәуелсіздік күніне орай марапатталды

Нұр-Сұлтанда жүздеген медицина қызметкерлері Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай медальдармен марапатталды.

350 адамның 98-і «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін алды. Тағы 7 адам мемлекеттік наградаларға, 3 адам «Халық алғысы» медаліне ие болды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен көпсалалы медициналық орталықтың директоры Мұхтар Төлеутаев «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды, тағы алты дәрігер — «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальі табысталды.

«Алтын жүректі жандар» номинациясына 5 медицина қызметкері ие болды, тағы 75 қызметкері ведомстволық наградалар, «Еңбек ардагері» медалі және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерін, ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын алды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің Құрмет грамотасы 87 медицина қызметкеріне, сол сияқты 100 маманға құрмет грамотасы мен басқарма басшысының Алғыс хаты табыс етілді.

Добавить комментарий