Үндістанды Ресейден сатып алатын мұнай көлемін арттырмауға шақырды

АҚШ Мемлекеттік департаментінің кеңесшісі Үндістанға Ресейден сатып алатын мұнай көлемін ұлғайтпауға шақырды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі аға кеңесшісі Амос Хохштейн сенаторларға Үндістан билігін батыс санкциялары салдарынан күрт арзандаған Ресей мұнайын сатып алуды ұлғайтпауға шақырғанын айтты.

«Мен Ресейден сатып алуға тыйым салатын екінші реттік санкциялар жоқ екенін айттым. Алайда мен екі нәрсе сұрадым. Біріншіден, ашкөздікке салынбауды. Еуропалық және америкалық санкциялардан пайда көрмеу керек. Екіншіден, келіссөздерді дұрыс жүргізу керек, себебі егер сендер мұнайды сатып алмасаңыздар, басқа ешкім алмайды», — деді Хохштейн Сенатта сөйлеген сөзінде.

Соңғы апталарда Ресейдің Urals маркалы мұнайының құны солтүстік теңіз Brent-тен қарағанда барреліне 30 доллар тұрады, деп жазады FT. Алайда, санкцияларға қарамастан, Ресей экспортының көлемі өзгермеуде, ал Brent бағасы жыл басынан бері 60%-ға өсті.

«Іс жүзінде қазір Ресей түскен табыстар тұрғысынан соғыс қимылдары басталғанға дейінгі кезеңмен салыстырғанда неғұрлым ұтымды позицияда тұр», — деп атап өтті Висконсин штатынан республикашы сенатор Рон Джонсон.

«Егер олар сатылған әрбір баррель үшін алатын бағаға ғана қарайтын болсақ, онда мен сізбен келісемін», — деп жауап берді сенаторға Хохштейн. Сонымен қатар, ол Ресейдің қаржы секторына қарсы салынған санкцияларға байланысты алған ақшасын репатриациялау қиындағанын айтты.

Kpler консалтингтік компаниясының мәліметінше, маусым айында Urals маркалы ресейлік мұнайдың үндістанға импорты тәулігіне 1 млн баррельге жетуі мүмкін, ал Украинада әскери арнайы операция басталғанға дейін Үндістан мұнайдың бұл сортын мүлдем сатып алмаған. Қытайда мұнайға деген сұраныс қатты өспеген, локдаун салдарынан Қытай импорты едәуір қарапайым қарқынмен өсуде, деп есептейді сарапшылар.

 

Добавить комментарий