Белгілі балалар жазушысы Альберт Лиханов қайтыс болды

Ресей Федерациясында 86 жасында белгілі ресейлік жазушы Альберт Лиханов қайтыс болды.

Ресей балалар қоры мен Балаларды қорғау қорын басқарған және балаларға арналған шығармалардың авторы Альберт Лиханов 86 жасында қайтыс болды. Бұл туралы сенбі, 25 желтоқсанда «Лента.руға» Ресейдің Қоғамдық палатасы хабарлады.

Лихановтың ең танымал шығармалары — «Последние холода» және «Магазин ненаглядных пособий» повестері; «Мужская школа» романы. Лиханов жетімдер мен жалпы балаларға қатысты мәселеге 80-ші жылдардан алаңдаушылық таныта бастады. Оның КСРО билігіне жазған көптеген хаттарынан кейін үкіметтің жетім балаларға көмек көрсету туралы қаулылары қабылданды.

Лиханов Кировтың тумасы, Киров облысында 20 жыл бойы лиханов деп аталатын қоғамдық-әдеби және педагогикалық оқулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Сондай-ақ, өңірде Киров облысындағы мектеп, балалар, ауылдық кітапханашылары үшін Лиханов атындағы сыйлық енгізілді.

Добавить комментарий