Назарбаев ҚР Президентінің кеңесшісі Сума Чакрабартимен кездесті

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің экономикалық дамуы мәселелері бойынша реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті.

«Қазір күллі әлем жұртшылығы қиын жағдайды бастан өткеруде. Экономика 3-4 пайызға төмендейді деп болжануда. Бүгін өзіңізбен әлемде қалыптасқан ахуалға байланысты пікір алысқым келіп отыр», — деді Елбасы.

Сэр Сума Чакрабарти әлемдік экономиканың қалпына келуі мен перспективаларына қатысты болжамдар туралы өз ойымен бөлісті. Сонымен қатар, Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құру және дамыту ісіндегі еңбегін жоғары бағалады.

«Еуропа қайта құру және даму банкін басқарған кездегі біздің бірлескен жұмысымызды жылы сезіммен еске аламын. Біз Сіздің елмен тығыз қарым-қатынаста болдық. Қазақстан берік ынтымақтастық орнатқан алғашқы бес мемлекеттің қатарына кірді. Бұл Сіздің белсене атсалысуыңыздың арқасында мүмкін болды. Сондай-ақ мен Сіздің тәуелсіз Қазақстанды құру жолындағы қажыр-қайратыңызға тамсана қараймын», — деді С.Чакрабарти.

Добавить комментарий