НАТО Қара теңізден шығуға ниетті емес

НАТО Қара теңізді Ресейдікі деп санамайтынын және оның акваториясынан өз кемелерін шығаруға ниетті емес екенін мәлімдеді.

Бас хатшы Джеймс Аппатурайдың арнайы өкілінің айтуынша, альянс өз серіктестерін қолдау үшін өңірде қалады. Бұл туралы бейсенбі күні НАТО бас хатшысының Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша арнайы өкілі Джеймс Аппатурай Грузияның Қоғамдық хабар таратушы бірінші арнасының сайтында жариялаған сұхбатында айтылды.

«Біз Қара теңіз Ресейдікі екенін мойындамаймыз және біз НАТО одақтастары мен серіктестерін қолдау үшін өз өкілдігімізді сақтап қаламыз. Біз қарастырып отырған мәселелердің бірі Грузия мен НАТО арасындағы Қара теңіздегі Грузия қауіпсіздігі мәселесіндегі ынтымақтастықты тереңдету болып табылады», — деді ол.

НАТО өкілі сондай-ақ альянс Қара теңіздегі өкілдігін арттыратынын айтты. «НАТО Қара теңізде орныққан, бұны бәріміз байқап отырмыз. Әңгіме осы өңірге жіберетін теңіз күштерінің бөлімшелері туралы да болып отыр. Бұны НАТО-ның жеке мүшелері де жасайды, алайда бұл әрекеттер үйлестірілген. Сіздер британдық күштерін, француздардың ұшағын, АҚШ тұрақты түрде келетін кемелерін көріп отырсыздар. Орыстарға бұл ұнамайды, бірақ бәрібір қайтпаймыз», — деп түйіндеді ол.

Аппатурай Тбилисиге бір күн бұрын келді. Оның республиканың жоғары басшылығымен, соның ішінде президент Саломе Зурабишвилимен кездеседі жоспарланып отыр. Бұл оның НАТО бас хатшысының Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша арнайы өкілі дәрежесіндегі соңғы сапары. Жақын арада ол қызметінен кетеді.

Грузия 1990-шы жылдардың соңынан бері НАТО-мен ынтымақтасып келеді. 2002 жылғы қараша айында президент Эдуард Шеварднадзе Прагада өткен саммитте елдің альянсқа мүше болуды қалайтынын мәлімдеді. Артынан келген президент Михаил Саакашвили осыны растады. 2012 жылдың қазан айында «Грузин арманы» коалициясының жеңісінен кейін билікке келген үкімет НАТО-ға қосылу бағытында болды, алайда елдің сыртқы саясатының маңызды міндеті ретінде жаңа билік «РФ-мен қарым-қатынасты Грузияның аумақтық тұтастығына нұқсан келтірмей кезең-кезеңмен қалыпқа келтіру» деп атады.

Добавить комментарий