Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына қар көшкіні қаупіне байланысты тауға аттанбауға шақырды.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, наурыз айында жылымықтың әсерінен, қатты жауын-шашын түсуіне байланысты, сондай ақ қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін. Бұл демалушылар мен туристердiң қауiпсiздiгiне, әсiресе көшкiн қаупi бар учаскелерге елеулi қауiп төндiредi.
Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Алматы полиция департаменті Шымбулақ ТШК, “Аюсай” бөгетінен жоғары «Визит» центр аумақтарда, «Эдельвейс» көшкін жинау ауданында блок-бекеттер орнатты. Бұл шаралар көшкін қаупі бар аудандарда туристер мен автомобильдердің өтуін шектеуге бағытталған.
«Көшкін астында қалып қойған адамның аман қалуы екіталай! Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына қазіргі уақытта тауға аттанбауға кеңес береді», — делінген ресми хабарламада.
Бұдан басқа, құтқарушылар тұрғындарға арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту керек екенін ескертеді, әсіресе тауларда қардың еруіне байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін аудандарда. Бұл профилактикалық шара қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлар қатерiн азайтуға ықпал етуi мүмкiн.