НАТО Бас хатшысы Минск пен Мәскеу арасындағы ынтымақтастық алаңдаушылық білдірді

НАТО-ның Бас хатшысы Ресей мен Беларусь арасындағы ынтымақтастық алаңдаушылық тудыратынын мәлімдеді, себебі, мүше елдердің пікірінше, Минск «тәуелді болып барады».

Йенс Столтенберг жексенбі күні жарияланған Welt am Sonntag газетіне берген сұхбатында былай деп хабарлайды: «Одақтастарымыз соңғы айларда орнаған Мәскеу мен Минск арасындағы тығыз ынтымақтастыққаа қатты алаңдаушылық білдіреді», — деді Столтенберг. Оның пікірінше, Беларусь Ресейге “тәуелді болып барады” .

«НАТО — қорғаныс альянсы. Мен көп болжам жасағым келмейді, бірақ біз қырағы боламыз және Белоруссияда болып жатқан оқиғаларды жіті бақылауда ұстаймыз», — деп атап өтті НАТО бас хатшысы. «Әрине, біз елеулі жағдайда альянстың әрбір мүшесін қорғауға және оны Минск пен Мәскеуден төнетін кез келген қатерден қорғауға дайынбыз», — деді ол.

Столтенберг Беларусьте орын алып жатқан оқиғалар Брюссельде өтетін НАТО саммитінде талқыланатынын хабарлады. Оның айтуынша, айтарлықтай дәрежеде тоқтатылған, Белорусьпен әріптестік туралы келісім қайта қаралады.

Добавить комментарий