Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен іскерлік кездесу өткізді.
Кездесу барысында осы жылы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қатысуымен өтетін сыртқы саяси іс-шаралардың кестесі қаралды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты.
Нұрсұлтан Назарбаев Құрметті Төрағасы болып саналатын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) және Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесулерінің алдағы уақытта өтетін отырыстарына ерекше назар аударылды.
Елбасыға Қазақстанның одақтастары мен стратегиялық серіктестері болып табылатын елдердегі ахуал, сондай-ақ біздің еліміздің ЕАЭО-ға төрағалығы аясындағы жұмыстың негізгі бағыттары туралы ақпарат ұсынылды.