Нұрсұлтан Назарбаев партияның жеңісін айқын деп атады

Қазақстанның бұрыңғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұр Отан партиясының мүшелерін парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, оны айқын жеңіс деп атады.

«Баршаңызды Nur Otan партиясының осы сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтаймын. Экзитполдың алдын ала нәтижелері қазақстандықтардың еліміздің одан әрі дамуын біздің партиямызбен байланыстыратынын көрсетті», — деді Назарбаев.

Биылғы сайлаудың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуі символдық мәнге ие, деді ол.

Біз сіздермен 30 жыл ішінде үлкен жолдан өттік. Көп жұмыс атқарылды. Ең бастысы — біз жаңа ауқымды мақсаттарға қол жеткізу үшін берік негіз қаланды, — деп атап өтті ол.

Назарбаев сайлау Қазақстанды да айналып өтпеген пандемия және соның салдарынан туындаған экономикалық дағдарыс жағдайында өткенін атап өтті.

Бұл біз үшін жаңа жаһандық шындық. Дүниежүзілік банк әлемдік экономиканың айтарлықтай құлдырауын, жұмыссыздықтың өсуін болжап отыр. Бұл нағыз дағдарыс. Мұндай жағдайда біртұтас саяси күш айналасына топтасқан халық, топтасқан қоғам ғана жеңіске жетеді. Біз осындай қиындықтарды бірнеше рет еңсердік, бұл жолы да төтеп береміз. Біздің бірлігіміз — бұл бізге жеңеміз деп айтуға құқық беретін ең ұлы күш. Ел алға жылжитын болады. Біздің партиямыздың ұраны «Сынақты еңсеріп, бірге жеңеміз» деген ұраны болғаны заңды», — деді ол.

Партияның жеңісі, деп жалғастырды Елбасы, жұмыла атқарылған жұмыс пен партияның әрбір мүшесінің еселі еңбегінің нәтижесі.

Баршаңызға атқарылған жұмыс үшін ризашылығымды білдіремін және тек жақсылық тілеймін. Науқан тиімді әрі нәтижелі өтті. Біз жаңардық, біздің қатарымызда халық арасында беделі биік жаңа көшбасшылар пайда болды. Әр ауданды, қаланы және облысты дамыту үшін халықтық бағдарламалар әзірленді. Nur Otan — нақты істер мен айқын мақсаттар партиясы. Біз адамдармен тіл табыса алдық. Біз іс жүзінде әрбір сайлаушыға жеттік, — деді Назарбаев.

Добавить комментарий