Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілер өткелін жайластыру бойынша жол-құрылыс жұмыстарыны байланысты Әуезов көшесіндегі жол учаскесі жабылады.
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан ПД Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен М. Әуезов пен Ж.Омаров көшелерінің қиылысында биіктетілген жаяу жүргіншілер өткелін орнату жұмыстарын бастады.
Жұмыстар Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Осы жылдың 8-9 шілде аралығында жаяу жүргіншілер өткелін жайластыруға байланысты Абай даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейінгі аралықтағы Әуезов көшесі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады, — делінген Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Бұдан басқа, 9-20 шілде аралығында осы учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз, — делінген көлік басқармасының хабарламасында.