Алматы: Десанттық-шабуыл әскерлерінің жауынгерлік дайындығын тексеру аяқталды

Алматыда десанттық-шабуыл әскерлерінің жауынгерлері сегіз пән бойынша жауынгерлік дайындыққа тексеруден өтті. Емтиханды Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы полковник Қанат Қазизов басқаратын Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының комиссиясы өткізді.

Бұл жыл сайынғы жоспарлы іс-шара. Тексерілетін пәндер қатарында — атыс, тактикалық, арнайы даярлық, жауынгерлік машиналарды жүргізу, әскери топография, инженерлік, физикалық және саптық даярлық бар. Бұдан басқа, тексеру барысында қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі, бағынысты құрамалардағы жауынгерлік даярлыққа басшылық ету бойынша лауазымды адамдардың жұмысын ұйымдастыру жүйесі, жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы бағаланады.

Практикалық сабақтар Алматы облысындағы «Іле» оқу полигонында өткізілді. Қорытынды тексеру аясында десантшылар комиссияға атыс дайындығы, оқу пәндері бойынша дайындық сабақтарын көрсетті. Бас штаб комиссиясы рота-батальон буынындағы офицерлер мен сержанттар құрамының әдістемелік дайындығына баға берді.

Бас штаб комиссиялары, бас қолбасшылар, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің қолбасшылары басқармалары 250-ден астам басқару органдарын, құрамалар мен әскери бөлімдерді тексерді. Жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру деңгейінің артқанын, Десанттық-шабуыл әскерлері қолбасшысының басқарма басшылық құрамының қарамағындағы бөлімшелерді оқытуға қатысқанын атап өткім келеді, олар тексеру қорытындысы бойынша жауынгерлік даярлық деңгейіне өте жақсы баға алды, — деп атап өтті жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы полковник Қанат Қазизов.

Комиссияның айтуынша, Десантты-шабуылдаушы әскерлердің жеке құрамы жауынгерлік машиналар мен атыс қаруларынан жасалған бақылау оқу жаттығуларын, жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша сынақ жаттығуларын орындап, өзінің теориялық білім деңгейін көрсете отырып, негізгі оқу пәндері бойынша нормативтерді тапсырды. Тексеру нәтижелері бойынша алматылық десанттық-шабуыл бригадасы «жақсы» деп бағаланды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 5 қазанынан бастап Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімдерінде қорытынды тексеріс өтіп жатыр, оның негізгі мақсаты жауынгерлік даярлықтың нақты деңгейін жан-жақты бағалау болып табылады.

 

Добавить комментарий