Елордадағы Максим Горький атындағы театрда жүздеген миллион теңге жымқыру дерегі анықталды. Қазіргі уақытта T1,6 млрд теңге болатын тендер жарияланды.
«Тапсырыс беруші — Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МКҚК; атауы — тарихи ғимараттарды/ескерткіштерді/өнер туындыларын қалпына келтіру/жаңғырту бойынша жұмыстар; қосымша сипаттама — Астана қаласы әкімдігінің «М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МКҚК ғимараты бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары (бұрынғы гимназия) — XIX ғасырдың соңындағы тарих және мәдениет ескерткіші, Астана қаласы Желтоқсан көшесі, 11, 13. Аяқталмаған құрылыс»; жоспарлы сома — T1 654 050 343″, — делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында.
Сома екі жылға есептелген, бұл ретте бірінші жылы Т100 жұмсауды жоспарлап отыр, қалған Т1 654 050 243 келер жылы жұмсалады.
Конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау басталды, 19 қазанда аяқталады.
Еске салайық, 16 маусымда Нұр-Сұлтанда Горький атындағы театрда жымқыру ісі бойынша үкім шығарылған болатын. Атап айтқанда, театрдың экс-директоры және бірқатар адамдар нысанды күрделі жөндеуге бөлінген T370,5 млн-ны қалтасына басқаны үшін, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарына және театрға инженерлік-технологиялық жабдықтарды жеткізуге бөлінген T94,2 млн-ны ұрлауға оқталғаны үшін сотталды.