Ақтөбе: Бопсалаумен айналысқандардың деструктивті ағымдарға қатысы бар болуы мүмкін


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/07/speech-35308-1658759806-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Ақтөбеде ақша бопсалады деген күдікке ілінген алты ер адам қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері ҰҚКД-дағы әріптестерімен бірлесіп, кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысатын қылмыстық топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Қылмыстық топ құрамында деструктивті белгілері бар алты адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет түрлі себептермен екі жас жігіттен ақшалай қаражат бопсалаған. Жедел іс-шараларды өткізу барысында аталған адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», — делінген дүйсенбі күні хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Тергеу жүргізіліп, ұсталғандардың басқа да ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексерілуде. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», — деп толықтырды полицейлер.

Добавить комментарий