Нұр-Сұлтандағы бір пәтерге алаяқтар 810 адамды тіркеді

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда электронды кілттердің көмегімен заңсыз тіркелудің үш мыңнан астам оқиғасы анықталды. Оның ішінде 810 адам бір пәтерде тіркелген.

Шамамен 60 адам ұсталып, оларға алаяқтық жасады деген айып тағылды. Күдіктілер өз жазаларын күтуде. Мұндай схема бойынша алаяқтардың жұмыс істейтінін құқық қорғау органдарының қызметкерлері басқармаға қала тұрғындарының үйлеріне бейтаныс адмдардың тіркелгені туралы арыз бере бастағанда білді. Мысалы, 55 жастағы елорда тұрғыны пәтеріне осылайша 45 адам тіркелгенін мәлімдеді. Ол бұл туралы үйіне жиенін тіркегісі келгенде, электрондық үкімет сайтындағы жеке кабинетке кіргенде білген. Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы «тұрғындарды» тіркейтін алаяқтар осылай әрекет етеді. Бұл оқиғаларға ХҚКО қызметкерлерінің ешқандай қатысы жоқ екендігін айтуда. Көші-қон қызметі мұндай схема жайында  бұрыннан біледі. Ведомство қызметкерлері бір пәтерге 810 адам тіркелгенін, және карантин кезінде осыған ұқсас үш мың тәртіп бұзушылық анықталғанын мәлімдеді. Шымкентте үлкен дау болды: бұрынғы бас сәулетші 500 миллион теңге жымқырды деген айып тағылды. Жақында сыбайлас жемқорлыққа күдікті адамдарға арнайы білезіктер беріледі деп хабарланды.

Добавить комментарий