БАҚ қызметкерінің көліктерін өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/02/speech-48628-1676892824-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерінің көліктерін өртеп жіберу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл факті ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары шеңберінде сот өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды. Жағдайдың егжей-тегжейі анықталып жатыр», — деп хабарлады дүйсенбі күні полицейлер.

Еске сала кетейік, бұған дейін журналист Вадим Борейконың операторына тиесілі екі көлік өртенгенін хабарлаған болатын.

«20 ақпанда түнде менің операторымның үйінің жанында оның екі көлігі жарылды», — деп жазды Борейко әлеуметтік желіде.

Ол жазбаның астына жанып жатқан көліктер көрінетін видеоны жариялады.

Добавить комментарий