Ол сағат 22:00 шамасында көшеде 18 жастағы қызға шабуыл жасаған. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның артынан жүгіріп келіп, жерге құлатып, қолындағы ұялы телефонын жұлып алып кетуге тырысқан. Көмекке шақырып айқайлаған қыздың дауысы жүргіншілердің назарын аударған. Қорқып қалған ер адам қылмыс орнынан қашып кетеді. Қыз болған оқиға туралы полицияға келіп арызданды. Полицейлер дереу оқиға орнына барды. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды, — деп хабарлады елордалық полиция.
Полицейлер ұсталған адамның белгілері қылмыс орнынан қашып кеткен қаскүнеммен сәйкес келетінін, бұрын тағы екі әйелге шабуыл жасағанын анықтады.
Басқа жәбірленушінің айтуынша, ол кешке жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан кезде оған белгісіз біреу шабуыл жасаған. Ер адам әйелдің басына бірнеше рет соққы беріп, қолынан ноутбук салынған сөмкесін және жеке заттары мен ұялы телефоны бар әйелдерге арналған сөмкесін жұлып алып белгісіз бір бағытқа қашып кеткен. Басқа бір жәбірленуші жанына өтіп бара жатқан ер адам кенеттен бұрылып, артынан келіп қолындағы ұялы телефонды жұлып алғанын мәлімдеді.
Ұсталған адам — Өзбекстан Республикасының азаматы. Ол кінәсін мойындады. Ұрланған ноутбук пен әйелдердің бірінің жеке заттарын жерге көміп тастаған.
Ұсталған адам Нұр-Сұлтан ПД-ның УҰИ-ге қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.