Алтай өлкесіндегі тасжолда жол апаты болды: жүк көлігі автобуспен соқтығысып, екі адам қаза тапты

Алтай өлкесіндегі тасжолда жүк көлігі Қазақстанға келе жатқан автобуспен соқтығысты.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, жол апаты Рубцов ауданындағы А-322 федералдық тасжолында орын алған.

Өңір прокурорының көмекшісі Мария Антошкинаның айтуынша, екі адам қаза тауып, бес адам зардап шеккен.

Зардап шеккендердің барлығы Новосибирск мен Семей арасындағы автобустың жолаушылары болды.

Өз кезегінде, Алтай өлкесінің прокуроры жол апатына байланысты тексеру жүргізуді тапсырды, онда көлікпен қамтамасыз ету және жолаушыларды маршруттық көлікпен тасымалдау қауіпсіздігі туралы заңнаманың сақталуы мәселелерін бағалайды.

Добавить комментарий