Нұр-Сұлтанда тағы да асфальт опырылып түсті

Нұр-Сұлтанда тағы да асфальт төсемінде шұңқыр пайда болды. Бұл жолы жол төсеу жұмыстары кезінде қолданылған сапасыз материал себеп болды.

«Мәңгілік ел көшесі, 82 мекен-жайы бойынша мердігердің сапасыз материал орнатуына байланысты құбыр құдығының жабын плитасы ішінара опырылып құлады», — делінген «Астана су арнасы» МКК хабарламасында.

Компанияның хабарлауынша, 2 мамырда авариялық бригада су құбыры құдық жабынының бетон плитасын бөлшектеп, шойын люкті орнатып, бетондады.

  • «Аталған мекен-жай бойынша жөндеу-құрылыс бригадасы асфальт төсейтін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — деп хабарлады МКК.

Добавить комментарий