Риддер – Чекмар автожолының 41 шақырымында қар көшкіні түсіп, өзен арнасын жауып тастады

Шығыс Қазақстан облысының Белая Уба өзеніндегі қар көшкіні түсіп, салдарынан өзен арнасы жабылды. ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Риддер-Чекмарь автожолының 41 шақырымында қар көшкіні жүрді. Мұздың кептелісін болдырмау үшін жарылыс жұмыстары ұйымдастырылды, олардың жалпы ауданы 4500 шаршы метрді құрады. Мұз кептелісі қаупі жоғары аудандарда мұзды ұсақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі таңда аймақта өзендердегі мұздың әлсіреу процестері жалғасуда, мұз қоюланып, кей жерлерінде жартылай ойықтары бар, су төгілуі және кептеліс байқалмайды. Еске сала кетейік, осы айдың басында Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман республикалық маңызы бар автожолының 62 шақырымында қар көшкіні жүрген болатын.

Добавить комментарий