Нұр-Сұлтанда 1 мамыр күні өткен мерекелік іс-шаралар кезінде кішкентай қыз жоғалып кетті.
Мерекелік іс-шаралар кезінде елорда саябағында жүрген әскерилерге 7 жасар қыз адасып, үйіне барар жолды таба алмай қалғанын айтып жүгінді.
Патрульдік топтың бастығы, аға сержант Бахтиер Бәйтереков патрульдік қызметтегі сарбаз Сапаралы Жұмабекпен бірге баланы саябақ аумағындағы жақын жердегі полиция бекетіне жеткізді.
Ата-анасының мән-жайын анықтаған полицейлер оларға телефон шалып, қызының орналасқан жері туралы хабарлады.
Қыздың жақындары әскери қызметшілерге бей-жай қарамағаны үшін алғысын білдірді.