Ауыл тұрғыны ер адамның күртешесі мен азық-түлік салынға сөмкесін тартып алды

Қарағандыда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ауыл тұрғынын ұстады, ол 61 жастағы Қарағанды тұрғынының күртешесі мен азық-түлік салынған сөмкесін тартып алған.

Оқиғаның мән-жайы

21 қараша күні сағат 16:50 шамасында Қарағанды қаласының ПБ-ның Орталық полиция бөліміне Жолаушылар көшесіндегі үйлердің бірінің маңында бір адамды тонап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, жәбірленуші 61 жастағы ер адамға белгісіз біреу шабуыл жасағанын анықтады. Күдікті күш қолданып, жәбірленушінің күртешесін, азық-түлік салынған сөмкесін алып қашып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 11 мың теңгені құрады. Полицейлер “ізін суытпай” ауылдық округтердің бірінің 44 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий