Нұр-Сұлтанда америкалық Pfizer препаратымен вакцинация басталды. Елімізде аталған вакцина белгілі бірсанаттағы адамдар контингентіне арналған.
Вакцинацияны алғаш болып алуға ниет білдіргендер арасында жүкті әйелдер, емізетін аналар мен балалар бар.
Елордалық №75 мектеп-гимназияның медициналық пунктіне 15-17 жас аралығындағы алты жасөспірім екпе алуға келді. Олардың айтуынша вакцина ғана адамды вирус жұқтырудан қорғай алады.
Естеріңізге сала кетейік, елорда бойынша Pfizer препаратымен вакцинациялауға жататындар арасында 5 мың жүкті әйел, 28 мың бала емізетін әйел адам, сондай-ақ 63 мың бала бар.