Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам кінәлі болған жол апаты туралы хабарлады. Жүргізушіні уақытша ұстау изоляторына қамады, ал автокөлікті айыппұл тұрағына қойды.
Жол апаты қаланың оң жағалауында, Уәлиханов пен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында болды.
«Лада» автокөлігін мас күйінде басқарған жүргізуші көпірден түсіп бара жатқан жерде маршруттық автобуспен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы болған кезінде жолаушылар автобусының жүргізушісі басты жолдан келе жатқан көлік ағынын өткізіп, оңға бұрылайын деп тұрған», — деп хабарлады департаменттегілер.
Полицейлер «Лада» жүргізушісінің 2016 жылдан бастап мас күйінде көлік жүргізгені көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықтады.
Жазаны елемей, ер адам үшінші рет мас күйінде жол апатына ұшырады.
Аталған факті бойынша ҚК-нің 346-бабының екінші бөлігі «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйіндегі адамның көлік құралын басқаруы») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жүргізуші Нұр-Сұлтан полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды.
Бүгін Алматыда осыған ұқсас жол апаты орын алды. Шымкенттен Алматыға жолаушылар тасымалдайтын автобус діттеген жеріне жетіп, вокзалға жақындап қалғанда, Subaru Legacy жүргізушісі бар жылдамдықпен келіп соқтығысып қалған. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік жүргізушісі мас болған. Жол апатынан 5 адам зардап шекті.