Тараз: Дауылдан 28 адам зардап шекті

Өңірдің ТЖД хабарлағандай, Таразда қатты дауылдың салдарынан 28 адам зардап шекті.

Қатты желден 19 көпқабатты тұрғын үй мен 17 мектептің шатырына зақым келтіріп, қала көшелерінде 45 ағаш, 12 аялдама құлап, 32 бағдаршам істен шықты, 64 жалауша жыртылып қалды.

11 жастағы оқушының бел омыртқасы жарақаттанып, ауруханаға түсті. Оның үстіне мектеп жанында ағаш құлаған. Баланың жағдайы тұрақты.

Тараз қаласы әкімдігінің мәліметінше, медициналық мекемелерге жүгінген 24 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйіне жіберді.

«Төрт адам алған жарақатына байланысты ауруханада емделіп жатыржатыр. 11 және 12 жастағы екі бала ауруханада», — деп хабарлайды Тараз қаласының әкімдігі.

38 м/с-қа жылдамдықпен соққан дауылды жел қалаға үлкен зиян келтірді: нысандардың жартысынан көбі электр жарығынан ажыратылды, электр тасымалдау желілері істен шықты, көптеген ғимараттың шатыры жұлынып, ағаштар құлады, автомобильдер бүлінді.

Қатты желдің салдарынан Тараздағы тұрғын үйлердің шатыры жұлынып кетті. Тұрғындардан көшеге шықпауды сұрайды

Шымкентте боранның салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды.

Тараз қаласының әкімдігі хабарлағандай, 19 көпқабатты тұрғын үй мен 17 мектептің, сондай-ақ төрт балабақшаның шатыры зақымданды. Облыс орталығының көшелерінде 18 электр бағанасы құлап, 1,5 шақырым электр беру желілері үзілді. 45-тен астам үлкенді-кішілі ағаш, 12 аялдама құлап, 32 бағдаршам істен шықты. 34 билборд, 9 жарнама пилоны және 64 жалауша жыртылып, зақымданды.

 

Добавить комментарий