Карантиндік режим туралы қаулыға енгізілген өзгерістерге сәйкес:
Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банке ттер, тойлар, мерейтойлар, кештер), сондай-ақ, митингілерді, шерулерді, жиындарды және т.б. өткізуге тыйым салу сақталады.
Спорттық жаттығуларды тек ашық ауада жеке тәртіппен және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, 5 адамнан аспайтын топпен өткізуге болады;
3 адамнан аспайтын топты немесе бір отбасы мүшелерін қоспағанда, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салу сақталады;
Қызметі тыйым салынған объектілерге, атап айтқанда ойын-сауық мекемелеріне (бильярд, караоке, боулинг-орталықтары, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, балалар ойын алаңдары және жабық үй-жайлардағы аттракциондар, батуттар, караоке, букмекерлік кеңселер және ойын клубтары, оның ішінде лотереялар ұтысы және т.б.) баруға жол берілмейді.
65 жастан асқан адамдардың қалада және қоғамдық орындарда жүріп-тұруына шектеу сақталады;
Аулаларда серуендеуге және саябақтарға, алаңдарға, скверлерде, жағалауларға 3 адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасы мүшелеріне міндетті түрде бетперде киіп және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі;
Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүріп-тұру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.
Қашықтағы жұмыс нысаны меншік нысаны мен жұмысшылар санына қарамастан барлық ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлерінің кем дегенде 60% үшін сақталады;
Қалалық қоғамдық көлік (пик сағаттарында автобустардың санын көбейту, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушылар үшін қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперде киюі) жұмыс және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді және жексенбі күні жұмыс істемейді;
Жұмыс және демалыс күндері діни бірлестіктердің объектілері жұмысын (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) 1 келушіге кемінде 5 м2 дейінгі және 30%-дан аспайтын толтырумен қамтамасыз ете отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге және оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салу;
ХҚКО жұмысын алдын ала қатаң түрде Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграмм-бот арқылы брондау ретімен күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларын сақтай отырып, жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін болады. Құжаттау бөлімі: жұмыс күндері түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін және сенбі күні сағат 09:00-ден 14:00-ге. дейін. Мамандандырылған бөлім: жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін құжаттарды қабылдау, дайын құжаттарды түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін;
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, 5 адамнан аспайтын денсаулық мектептеріне баруды ұйымдастыра отырып, штаттық режимде жұмыс істейтін болады;
Білім беру нысандары 1-4 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін мектептердің кезекші сыныптарынан басқа, онлайн-оқыту режимінде жұмысын жалғастырады. «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №ҚР ДСМ-98/2020 бұйрығының 10-тарауына сәйкес сыныптағы 15 балаға дейін жинақтау кезінде жұмыс істеуге жол беріледі;
Мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтар әрбір топта 15 баладан аспайтын толтырумен, санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтаумен және жұмыс кестесін 07:30-дан 18:30-ға дейін белгілеумен және демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салумен жұмыс істейтін болады;
Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын жұмыс күндері күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, демалыс аймақтарында және демалыс орындарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін белгілеумен,демалыс және мереке күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте көрсетілген объектілер мен олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, кинотеатрлардың, ойын орталықтарының, фудкорттардың жұмысына қатаң тыйым салынады.
Қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан жұмыс істей алады, ғимарат ішінде және жазғы алаңда 30-дан аспайтын отырғызу орындарының толтырылуы бойынша шарттар сақталған жағдайда, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелде кемінде 4-6 адам отырғыза отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін белгілей отырып, Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін келушілердің түскі ас залында болуына тыйым салумен сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін ұйымдастыру. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, тойлар, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады»;
Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, демалыс және мереке күндері жұмыст істеуге тыйым салу;.
Азық-түлік және азық-түлік емес базарлар (ашық ауада) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады;
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың барлық түрлерін сату бойынша дүкендер бір сатып алушыға 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын толтырылуын сақтай отырып, күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс кестесін белгілей отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін;
Азық-түлік тауарларын сату бойынша дүкендер бір сатып алушыға шаққанда 30% м2 есебінен жобалық қуаттылықтың 4 аспайтын толтырылуын сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс және демалыс күндері сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс істейтін болады;
Сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр қызметтері күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, қатаң түрде 1 келушіге 4 м2 есебінен алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейтін болады, және жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін белгілеумен сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін;
Барлық қызмет түрлеріндегі өндірістік кәсіпорындар күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс кестесін тек жұмыс күндері сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін белгілей отырып, өз жұмыс режимі белгіленген үздіксіз өндірістік циклі бар объектілерді қоспай, жұмысын жалғастырады;