Қазақстанда ҰҚШҰ-ның әскери оқу-жаттығулары өтеді

ҰҚШҰ әскери контингенттері Қазақстан аумағындағы әскери жаттығуларға қатысады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«2022 жылғы 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары өтеді», — делінген хабарламада.

30 қыркүйекке дейін елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті  техникамен жүзеге асырылады.

Әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және оларды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталатын болады.

Добавить комментарий