Нұр-Сұлтанда көшелердің бірінде автобус жолағы алынып тасталды

Нұр-Сұлтандағы Қабанбай батыр даңғылында автобус жолақтары алынып тасталды. 10 ақпаннан бастап «Сергек» жүйесі Bus Lane арқылы жүргені үшін жүргізушілерге айыппұл салмайды. Бұл туралы елордалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Өткізу қабілетін арттыру мақсатында бүгіннен бастап Қабанбай батыр даңғылындағы қоғамдық көлік жолағы «Сергек» жүйесінен алынып тасталады. Автобус жолағына түскен көлік тіркелмейді. Алайда бұрынғысынша жылдамдық режимін тіркеу жүргізіле береді», — делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, жол белгілерін өзгерту 2021 жылғы көктемгі-жазғы кезеңде ауа райы қолайлы болған кезде жүргізіледі.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінде автобус жолақтары екі бағытта да алынып тасталады нақтыланды.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан ЖҚЕ талаптарын басшылыққа ала отырып, қозғалысты жүзеге асыруды сұраймыз», — деп толықтырды құқық қорғау қызметкерлері.

Добавить комментарий